×

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Ұлтына қалтқысыз қызмет еткен Мұхтар Шахановты халық ақтық сапарға шығарып салмақ

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Фото: Qaz365.kz

Алматы қаласында ақын Мұхтар Шахановты ел ақтық сапарға шығарып салу үшін жиналды. Қаралы жиын таңғы сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, ақынның әріптестері мен шәкірттері қаралы залға жиналып, ел руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаны ақтық сапарға шығарып салуда.

Қоштасу рәсімінен кейін марқұмның рухына арналған ас сағат 13:00-де Достық даңғылы, 341/1 мекенжайындағы LuxHall банкет залында беріледі.

Мұхтар Шаханов – қазақ поэзиясында айрықша орны бар, ұлттың рухани мәселелерін батыл көтерген қайраткер ретінде ел жадында қалды.

Айта кетейік, Qaz365.kz редакциясы Мұхтар Шахановтың өмірі мен ерлігі жайлы мақала жазған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →