×

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

Қайғылы жағдай 20 сәуір күні болған

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Фото: Gov.kz

Павлодар облысы Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауытында 20 сәуір күні жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға металл ұсату жұмыстары кезінде болған. Ұсатушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Компания өкілдерінің мәліметінше, болған жайт туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілген, қазір тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«2026 жылғы сәуірдің 20-ы күні Ақсу ферроқорытпа зауытында металл ұсақтау кезінде жазатайым оқиға болды. Салдарынан темір ұсатушы оқиға орнында қаза тапты. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу амалдары басталды. «Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания отбасына қажетті көмек көрсетеді», — деп мәлімдеді компания ресми парақшасында.

Айта кетейік, Ақсу ферроқорытпа зауыты — әлемдегі ірі металлургиялық кәсіпорындардың бірі. Жыл сайын бір миллион тоннадан астам өнім өндіреді. Кәсіпорын 1968 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Зауыт «Қазхром» құрамына кіреді және Қазақстандағы саладағы негізгі өндіріс ошақтарының бірі саналады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →