×

Қазақстандағы екінші АЭС-тің қалай аталатыны белгілі болды

Ақордада өткен баспасөз мәслихатында Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді

Қазақстандағы екінші АЭС-тің қалай аталатыны белгілі болды
Фото: golos-naroda.kz

Қазақстанда екінші атом электр станциясын бірінші станцияға жақын аумақта салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, жаңа станция Балқаш маңында орналасады. Қазір салынуы мүмкін деп топшылаған үш алаң қарастырылып жатыр. Нақты орны кейінірек жария етіледі. 

Жобаға алдын ала «Мойынқұм» атауы берілген.

Жоспар бойынша, станция екі энергоблоктан тұрады, әрқайсысының қуаты — 1200 мегаватт. Құрылысты жүзеге асыруға қытайлық консорциум тартылуы мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі қоғамда қызу талқыланып келеді. Сарапшылар бұл жобаны елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру тетігі ретінде бағаласа, қоғамда саяси тәуелділік пен экологиялық қауіптерге қатысты алаңдаушылық та бар.

Айта кетейік, Қазақстанда реформалар мен өзгерістерге деген қоғамның сұранысы жоғары екені белгілі болды. 2026 жылғы 24 ақпан мен 6 наурыз аралығында жүргізілген DEMOSCOPE «Билік институттарына қоғамдық сенім» атты сауалнама нәтижелерін оқи отырыңыз. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Енді арбалар, балаларға арналған жүруге көмектесетін таянғыштар, Брайль жүйесімен жазуға арналған құрылғылар және басқа да жабдықтар жалға беріледі
Қоғамда билікті ашық сынға алуға қатысты қорқыныш деңгейі жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →