×

«Зәкең марқұм билікте болғанда...»: Мақпал Жүнісова елге ренішін айтты

Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

«Зәкең марқұм билікте болғанда...»: Мақпал Жүнісова елге ренішін айтты

Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Қарағандыға барған сапарында көңілі толмаған дүниесін айтты. Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мақпал Жүнісова бұрын марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовпен бірге Қарағандыға келген сәтін жариялап, сол кезде ерекше қарсы алғандарын көрсетті. Ол тым болмаса, мәдениет бөлімінен бірде-бір адамның келмегенін де ашық айтты. 

«Зәкең марқұм билікте болғанда, Қарағандының дөкейлері осылай траптан қарсалып еді. Осы жолы барғанда біреуінің төбесін көрмедік. Ең болмағанда мәдениет бөлімінің біреуі келмеді ғой», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары жағдайды қызу талқылап, әншіні қолдап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін KeshYOU тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали өзіне Баян Есентаева қалай жоқшылықтан шығарып, көмектескенін айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →