×

Тарихи сәт: Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиаданың ресми жұмыс тіліне айналды

Бұл – мемлекеттік тілдің жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі орны нығайып келе жатқанын көрсететін маңызды қадам

Тарихи сәт: Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиаданың ресми жұмыс тіліне айналды

Азиаттық-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2026) қазақ тілі тұңғыш рет халықаралық пәндік додада жұмыс тілі ретінде қолданылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олимпиада барысында тапсырмалар мен олардың ресми шешімдері ұйымдастырушылардың платформасында қазақ тілінде жарияланды. Осы арқылы қазақ тілінің халықаралық академиялық байланыс құралы ретіндегі мүмкіндігі нақты дәлелденді. APLO-2026 жарысына Қазақстан, Қытай, Жапония, Малайзия, Корея Республикасы, Сингапур және Таиланд елдерінен 300-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Бұл зияткерлік дода – талантты жастарды анықтап, оларды Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға дайындайтын беделді алаң.

Қазақстан құрамасы аталған олимпиадаға үшінші рет қатысып отыр. Биыл ел намысын 8 оқушы қорғады. Нәтижесінде қазақстандық оқушылар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленіп, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Тағы 4 қатысушы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жеке есепте Азияның үздік қатысушылары қатарында Шыңғыс Қарасаев 9-орын алды. Ал командалық есепте Қазақстан құрамасы 8-орынға тұрақтады. Алтын медальді Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Шыңғыс Қарасаев жеңіп алды. Күміс жүлде Астана қаласындағы Нұра ауданындағы зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Әмірбек Азатбековке бұйырды. Ал Ақтау қаласындағы мамандандырылған IT-лицейдің 11-сынып оқушысы Рамазан Бутантаев пен Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Кирилл Тұрғымбаев қола медаль иегері атанды.

Еске сала кетсек, вице-министр Шынар Ақпароваға білім беру саласындағы аттестация талаптарының өзгеруіне байланысты сұрақтарға жауап берген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →