Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады
Астанадағы №36 мектепте оқушылар арасында болған төбелестен кейін ата-аналар оқу ордасындағы жағдайдың күрт нашарлағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, мектеп әкімшілігі жанжалға байланысты ашық әрі әділ тексеру жүргізудің орнына, оқиғаға қатысы бар бейнежазбаларды жоюға әрекет жасаған болуы мүмкін. Әсіресе жоғары сынып оқушыларының телефондарындағы видеоларды өшіруге тырысқаны туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ата-аналар мұндай әрекет жағдайды одан әрі ушықтырып, мектепке деген сенімді әлсіреткенін айтады.
Оқушылар да әкімшілік тарапынан қысым болғанын жеткізген. Олардың сөзінше, бұл жағдай мектептегі психологиялық ахуалға кері әсер етіп, қауіпсіздік сезіміне селкеу түсірген.
«Біз, ата-аналар, қалыптасқан жағдайдан шаршадық. Мектеп директоры қауіпсіз әрі ашық білім беру ортасын қамтамасыз ете алмай отыр деп есептейміз. Оны қызметінен босатуды талап етеміз», — дейді ата-аналардың үндеуінде.
Ал қалалық білім басқармасы төбелеске қатысқан оқушылар мектепішілік есепке алынғанын хабарлады. Қазір олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, психологтар жұмылдырылған. Мектеп басшылығына тәртіптік жаза ретінде сөгіс берілген.
Сонымен қатар жанжалға қатысқан жасөспірімдердің ата-аналары да балаларын тәрбиелеу міндетін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, енді арбалар, балаларға арналған жүруге көмектесетін таянғыштар, Брайль жүйесімен жазуға арналған құрылғылар және басқа да жабдықтар жалға беріледі.