Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
«Ақтөбе» клубының басқару құрамында елеулі өзгерістер болды. Арман Оспанов басқарма төрағасы қызметінен кетті. Клубтың баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметке сәйкес, мұндай шешім «қызыл-ақтардың» соңғы ойындардағы нәтижелерін саралау қорытындысы бойынша қабылданған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Клубтың жаңа басшысы болып Бақытбек Дүзелбаев тағайындалды.
««Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ басқарма төрағасы Арман Оспановтың өкілеттігі тоқтағаны туралы хабарлайды. Шешім команданың соңғы матчтарының нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша қабылданды», – деп түсіндірді «Ақтөбе облыстық футбол клубы» АҚ өкілдері.
Жанкүйерлер басшылықтағы бұл өзгеріс командаға серпін беріп, «Ақтөбенің» жоғары орындар үшін таласқа қайта оралуына ықпал етеді деп үміттенеді.
Еске сала кетсек, 12 сәуірде Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылында топтасып жасалған шабуыл салдарынан 20 жастағы Анвар Мұсаев қаза тапты. Төрт күдікті ұсталды.