×

Алматыда АИТВ диагнозын біле тұра зорлық жасаған ЛГБТ белсендісіне сот үкімі шықты

Алматыда АИТВ диагнозын біле тұра зорлық жасаған ЛГБТ белсендісіне сот үкімі шықты
Фото: Elements.envato.com

Алматыда өзінің АИТВ жұқтырғанын біле тұра зорлық жасаған түнгі ойын-сауық орны басшысы әрі ЛГБТ белсендісі Амир Шайкежановқа үкім шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Сот дерегінше, былтыр наурыз айында айыпталушы өзінің қызметкері болып істейтін жігітке есірткіге ұқсас зат ұсынып, соның салдарынан ол есін білмей қалған.

«Осыдан кейін оның дәрменсіз халін және ерікті келісімінің болмағанын пайдаланып, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа барған. Бұл ретте айыпталушы жәбірленушімен жыныстық байланысқа өзінің АИТВ жұқтырғанын нақты біле тұра түскен, сол арқылы жәбірленушіге АИТВ жұқтыру қаупіне әдейі ұшыратқан», – деп хабарлады сотта.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Сот оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Еске сала кетсек, 12 сәуірде Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылында топтасып жасалған шабуыл салдарынан 20 жастағы Анвар Мұсаев қаза тапты. Төрт күдікті ұсталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →