×

ҚазҰУ-да өсімдіктер әлемін зерттейтін жоғары технологиялы орталық ашылды

ҚазҰУ-да өсімдіктер әлемін зерттейтін жоғары технологиялы орталық ашылды
Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Өсімдік ресурстары және фармакоботаника зертханасы ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Биология және биотехнология факультеті базасында іске қосылған зертхана жойылып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктерді сақтау, оларды көбейту және тиімді пайдалану бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұнда ғалымдар өсімдіктердің генетикалық ерекшеліктерін, биологиялық белсенділігін, экологиялық бейімделу қабілетін жан-жақты зерттеп, олардың дәрілік және шаруашылық маңызын анықтауға басымдық береді.

Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Ашылу рәсіміне ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Амангелді Бисенбаев, Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Гүлнар Ситпаева, сондай-ақ ҒЗИ өкілдері, биология саласының ардагер оқытушылары, белгілі ғалымдар мен студенттер қатысты. 

Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Салтанатты жиында сөз сөйлеген ректор Жансейіт Түймебаев жаңа зертхананың ашылуы университет ғылымының дамуына серпін беретінін атап өтті. Ғылыми орталық білім мен ғылымды ұштастырып, докторанттардың зерттеу жұмыстарымен айналысуына мүмкіндік сыйлайтынын жеткізді.  

«Бұл зертхана тек ғылыми ізденістер жүргізілетін орын ғана емес, жас ғалымдардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына ықпал ететін орта. Университет әрдайым ғылымды дамытуды басты басымдықтардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан біз осындай бастамаларды жүйелі түрде қолдап, халықаралық деңгейдегі ғылыми орталыққа айналуға күш саламыз. Қазіргі таңда экология мен табиғи ресурстарды сақтау мәселесі әлемдік деңгейде өзекті. Осы тұрғыда біздің ғалымдарымыздың зерттеулері тек теориялық емес, практикалық маңызы бар нақты нәтижелер береді деп сенемін», – деді ректор.

Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Өсімдік ресурстары және фармакоботаника зертханасының меңгерушісі Бекзат Тыныбеков орталықтың соңғы үлгідегі құрылғылармен қамтамасыз етілгенін айтты.

«Аталған зертхана университет тарихында ботаника саласы бойынша алғаш рет іске қосылып отыр. Мұнда 10-нан астам білікті маман жұмыс істейді. Зертханада ғалымдар заманауи құрылғылардың көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Аппараттардың барлығы шетелдік тәжірибеге сүйене отырып сатып алынды», – деді Бекзат Тыныбеков.

Алдағы уақытта зертхана ғалымдары шетелдік ғылыми орталықтармен бірлескен зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихи сәт: Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиаданың ресми жұмыс тіліне айналды
Бүгін, 10:14

Тарихи сәт: Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиаданың ресми жұмыс тіліне айналды

Бұл – мемлекеттік тілдің жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі орны нығайып келе жатқанын көрсететін маңызды қадам

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →