×

«Екіншісі көмектеспек болған»: СҚО-да екі жұмысшысы кәріз сорғы станциясында қаза тапты

«Екіншісі көмектеспек болған»: СҚО-да екі жұмысшысы кәріз сорғы станциясында қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылында 22 сәуір күні кәріз-тазарту сорғы станциясында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Qaz365.kz редакциясына хабарласқан тұрғындардың айтуынша, қайғылы оқиға коммуналдық қызмет нысандарының бірінде болған. Электр маманы мен слесарь кәріз сорғы станциясында жөндеу жұмыстарын жүргізген. Олар улы газдың буынан уланып, оқиға орнында көз жұмған. Тұрғындар кәріздің ішіне түсіп кеткен жұмысшыға екіншісі көмектесемін деп құлағанын айтты.

Жергілікті тұрғындар мен белсенділердің сөзіне қарасақ, аталған салада еңбек жағдайына қатысты мәселелер бұған дейін де көтерілген. Олар бұған дейін қорғаныш құралдарының жеткіліксіздігін және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауын айтып шағымданған.

«Кәріз сорғы станциясында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер ұйымның екі қызметкері қаза тапты. Еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Қайғылы оқиғадан кейін тиісті органдар тексеріс жүргізіп жатыр.

Еске сала кетсек, 12 сәуірде Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылында топтасып жасалған шабуыл салдарынан 20 жастағы Анвар Мұсаев қаза тапты. Төрт күдікті ұсталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →