22 сәуір күні Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Бұл туралы журналист Вадим Борейко мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Elge Qaitaru қоғамдық қорының жетекшісі, заңгер Оразалы Ержановқа Қылмыстық кодекстің 150-бабы бойынша айып тағылып отыр. Аталған бап сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіру бойынша қозғалады.
Істі судья Руслан Мұратбеков қарап жатыр. Алдын ала тыңдау барысында қорғаушы Виталий Воронов қылмыстық-процестік заң талаптары бұзылғанын алға тартып, істі тоқтату немесе прокурорға қайтару жөнінде өтініш білдірген.
Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Іс бойынша негізгі сот отырысы 28 сәуір күні сағат 15:00-де өтеді.
Еске сала кетсек, Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында криминалдық полиция қызметкерлері ұсталды.