×

Шымкентте полицияны әбігерге салған автоблогер ұсталды

Шымкентте полицияны әбігерге салған автоблогер ұсталды

Шымкентте автоблогер Руслан Жанпеисов ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачковтың телеграм-арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәліметке зер салсақ, блогер кеше кешкісін қолға түскен. Ол түні бойы Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде болған.

Журналистің жазғанына қарасақ, бүгін Жанпеисовқа қатысты сот отырысы өтеді. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы («Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау») бойынша айып тағылған. Алдын ала мәлімет бойынша, автоблогер Шымкентке іссапармен келген Қарағанды облысының полиция қызметкерлерін әдейі іздеп тауып, олардың жұмысына кедергі келтірген. Ол тәртіп сақшыларының әрекеттерінен түрлі кемшілік іздеп, мысалы, апатты білдіретін шамдарды немесе арнайы жарық белгілерін дұрыс қолданбағанын айтып, жиі ескерту жасаған.

Сондай-ақ, блогер полицейлерден өздеріне қатысты хаттама толтыруды талап етіп, қызметтік міндетін атқаруға бөгет болған. Бұл әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялап отырған.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері оған қатысты әкімшілік хаттама толтырып, кейін ұсталған. Қазір оған 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қаупі төніп тұр.

Айта кетейік, 2020 жылы Руслан Жанпеисов денсаулыққа орташа зиян келтіру және билік өкілін қорлау баптары бойынша бір жылға бас бостандығынан айырылған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →