2017 жылы туған ұл бала ауыр жарақат алып, көз жұмған
Павлодарда 6 жастағы бүлдіршін 8-қабаттың терезесінен құлап, көз жұмды деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 21 мамыр күні Шөкин көшесіндегі үйлердің бірінде болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне қоңырау сағат 20.16-да түскен.
«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына төрт минутта жетті. Сегізінші қабаттан сәбидің құлап кеткені анықталды», – деді басқармада.
Белгілі болғандай, 2017 жылы туған ұл бала ауыр жарақат алып, көз жұмған.