Павлодарда 6 жасар бала сегізінші қабаттан құлап, көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

2017 жылы туған ұл бала ауыр жарақат алып, көз жұмған

Павлодарда 6 жастағы бүлдіршін 8-қабаттың терезесінен құлап, көз жұмды деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 21 мамыр күні Шөкин көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне қоңырау сағат 20.16-да түскен.

«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына төрт минутта жетті.  Сегізінші қабаттан сәбидің құлап кеткені анықталды», – деді басқармада.

Белгілі болғандай, 2017 жылы туған ұл бала ауыр жарақат алып, көз жұмған.