Жаңаөзенде бүлдіршін қызға зорлық жасауға әрекеттенген күдікті ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ашық дереккөздерден

Жаңаөзен қаласының 4-ші шағынаудан, 49 үйдің ауласында 6 жасар қызға азғындық жасамақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, ер адам қыз баланы шешіндіріп, ұятты жерлеріне қол жүгірткен. Мұны қыздың анасы терезеден көріп қалады. Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл деректі растады. 

«28 мамырда сағат 17:00 шамасында «102» кезекші пультіне Жаңаөзеннің 4 шағын ауданда ер адам кәмелетке толмаған қызға азғындық жасамақ болды деген шақыру келіп түсті. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 124 - бабы бойынша Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.