Алматыда полицей әріптесін абайсызда атып, мерт қылды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл әрекет сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді

ашық дереккөзден

Алматыда полицей әріптесіне абайсызда оқ атып, мерт қылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласы департаменті 5 маусым күні полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын мәлімдеді.

Ведомство бұл дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін, тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.