"Өртті сөндіруге шет елдерден көмек сұрала ма?": Роман Скляр жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі кезде 1800-ден астам адам жұмылдырылған

ТЖМ баспасөз қызметі

Вице-премьер Роман Скляр «Өртті сөндіруге шет елдерден көмек сұрала ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Роман Склярlдің айтуынша, Қазақстанның күші жетеді.

“Біздің өз күшіміз жетеді. Сұраудың қажеті жоқ”, – деді ол.

Сондай-ақ ол жағдайға дұрыс баға берілмегенін айтқан болатын. Сонымен қатар журналистердің «Қостанай облысындағы былтырғы өрт Үкіметке сабақ болмаған ба?» деген сұрағына жауап берді.  

Соңғы ақпарат бойынша, өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық бірлік техника жұмылдырылған.

Өткен тәулікте өрт ошақтарына әуеден 546 рет көлемі 1 500 астам тонна су төгілді. Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері өрт ошақтарына әуеден 1323 рет жалпы көлемі 4000 тоннаға жуық су төгілді.