×

«Жағдайға дұрыс баға берілмей қалған»: Роман Скляр Абай облысындағы өрт жайлы

Оның айтуынша, Үкімет мұндай жағдайда барлық мемлекеттік органдардың жауапкершілігін бекітетін нақты алгоритм әзірлеп жатыр

«Жағдайға дұрыс баға берілмей қалған»: Роман Скляр Абай облысындағы өрт жайлы
Турар Казангапов / Tengrinews.kz

Вице-премьер Роман Скляр Абай облысындағы өрт жайлы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Оқиға орнында жағдайға дұрыс баға берілмей қалған. Өрт тез тараған. Әлбетте, адам өлімі қашан да қайғылы. Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Содан кейін толық баға береді», –  дейді ол.

Роман Склярдың айтуынша, Үкімет мұндай жағдайда барлық мемлекеттік органдардың жауапкершілігін бекітетін қазір нақты алгоритм әзірлеп жатыр.

«Мұндай жағдайда жедел әрекет ету керек. Біз өртті сөндіруге боларлық ең әуелгі сәтті жіберіп алдық», –  дейді ол.

«Нақты қай кімнің кінәсі бар? Кім жауап беруі керек?» деген сұраққа Скляр жөнді жауап бермеді.

«Орман шаруашылығы қарайтын Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне тікұшақпен көмек көрсетіп жатыр», –  дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды
11.09.2024ж. 22:50

Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде белгілі пірадар Иакой Воронцов жариялады
6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →