ШҚО-да жанармай стансасында газ баллоны жарылып, екі адам күйіп қалды

Qaz365.kz редакциясы

Cондай-ақ 5 техника өртеніп кетті

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ТЖМ мәліметінше, 22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында жарылыс болған.

Оның салдарынан өрт шығып, 5 техника өртеніп кетті. Сағат 14:44-те жалын оқшауланды.

Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді.

Тұрғын үй мен орман қорына қауіп жоқ.

Отты сөндіруге 5 автокөлік пен 12 адам жұмылдырылды.