Қарағанды ​​облысында спорт кешенінің қабырғасы опырылып түсті

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 25 маусымда болған

"Вечерняя Караганда"/ видео кадры

Шұбаркөл көмір жұмыс кентінде спорт кешенінің қабырғасы опырылып түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 25 маусымда болған. «Шұбаркөл көмір» АҚ вахталық кентінде мәдени-спорт кешенінің қабырғасы жартылай құлап түскен.

Оқиғаға қызметкерлер куә болады. Бұл кезде ғимарат жөндеуден өткізіліп жатқандықтан, кешеннің ішінде ешкім болмаған.

Компания өкілдерінің айтуынша, ғимарат 1989 жылы салынған. Мәдени-спорт кешенін жөндеу жұмыстары сәуір айында басталды.