"Кенжехан-2" базарындағы өрт сөндірілді

Qaz365.kz редакциясы

Контейнер типті қоймалар жанды

ТЖД

Алматыдағы "Кенжехан-2" базарындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

9 шілде сағат 12:00-де Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы, солтүстік айналма 118/4 мекенжайына жіберілді.

Өрт сөндірушілер жеткенде, контейнер типті қоймалар жанып жатқан.

Жедел штаб құрылып, өртті сөндірудің үш учаскесі анықталды, көрші тұрған контейнерлерді сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді.

Тауарлық-материалдық құндылықтары бар қоймалардың, көптеген көліктердің үлкен жану жүктемесіне, базар аумағындағы адамдардың болуына қарамастан, өрт сағат 14:05-те жойылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖД күштері мен құралдары 74 адам, 20 бірлік техника құрамында және қаланың басқа да қызметтері жұмылдырылған.