Боксшы Шүменов елорда тұрғынын соққыға жықты

Qaz365.kz редакциясы

Олардың төбелесіне балаларының жанжалдасып қалғаны себеп болған

Ашық дереккөздерден

Бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Астанадағы мейрамханалардың бірінде тұрғынды соққыға жыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz

Астана қаласы полиция департаментінің дерегінше, 18 маусым күні 102 пультіне «Мега Силкуей» сауда ойын-сауық орталығынан екі ер адамның жұдырықтасып қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген құқық қорғау қызметкерлері қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов пен Астана тұрғыны Әзизбек Қадыров деген азаматтың төбелескенін анықтады. Елорда тұрғыны дене жарақатын алған. Ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Олардың төбелесіне балаларының ойын алаңында жанжалдасып қалғаны себеп болған. Әкелері араша түсем деп, керісіп, ақыры төбелесіп тынған.

Бұл оқиға видеоға түсіп қалды, кейін әлеуметтік желіге тарады.

Полиция бұзақылық бабы бойынша істі тіркеген.

Айта кетсек, ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам 2 мың АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе  түзеу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.