Екі қазақ турисіне операция жасалды: СІМ Аланиядағы жол апатын анықтады

Qaz365.kz редакциясы

Қалған 10 азаматтың жағдайы қанағаттанарлық

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Аланияда жол апатанан зардап шеккен қазақстандықтар жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«30 шілдеде таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматын әкетіп бара жатқан микроавтобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Түркия полицейінен алынған алдын ала берілген мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі үлкен жылдамдықпен жүк көлігіне соқтығысқан. Осының салдарынан жолаушылар зардап шекті. Олардың бәрі жақын жердегі ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлайды СІМ

Бүкіл жайттың мән-жайын және Қазақстан азаматтарының жай-күйін білу үшін консул Аланияға бірден шыққан. Медициналық мекемеге барып, зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарымен кездескен.

«Қазақстанның 12 азаматының екеуінің жағдайы орташа ауыр. Оларға ота жасалды. Медициналық көмек көрсетілуде. Қалған 10 азамат, оның ішінде төрт баланың жағдайы қанағаттанарлық. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бәрінде медициналық сақтандыру бар. Қазақстандық дипломаттар біздің азаматтармен әрдайым байланыста әрі тиісті жұмысты атқарып жатыр», - делінген хабарламада.