8 адам ауруханаға жеткізілді
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 тамызда Ақсу-Аюлы кентінен 50 шақырым қашықтықта орналасқан Алматы - Екатеринбург автожолында Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
"Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ, 28 жастағы Chevrolet жүргізушісі және екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.
Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.