Қарағанды облысында жол апаты болып, үш адам қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

8 адам ауруханаға жеткізілді

polisia.kz

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 тамызда Ақсу-Аюлы кентінен 50 шақырым қашықтықта орналасқан Алматы - Екатеринбург автожолында Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

"Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ, 28 жастағы Chevrolet жүргізушісі және екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.