«Қазақстан» шахтасында екі кеншінің мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Қалған үш кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысының әкімдігі

«АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің «Казахстанская» шахтасында екі кеншінің мәйіті табылды. Бұл туралы Қарағанды ​​облысының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қалған үш кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, бүгін сағат 10:05-те D6 көмір еңісін игеруде (горизонт – 170 м) конвейер лентасы өртенген болатын. Төтенше жағдай кезінде шахтада 227 кенші болған. 13 адам бас ауруы, жөтел шағымдарымен оқиға орнында дәрігерлерге жүгінген. Төртеуі ауруханаға жатқызылды: екеуі Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі Мақажанов емханасына. Зардап шеккендердің екеуі жеңіл дәрежелі көмірқышқыл газымен уланса, қалғандары көміртегі тотығымен уланған.