"Қазақстан" шахтасындағы өрт: үшінші кеншінің денесі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Марқұмның жеке басы әлі анықталған жоқ

АрселорМиттал Теміртау

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі "Қазақстан" шахтасында өртте қаза тапқан үшінші кеншінің денесі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұмның жеке басы әлі анықталған жоқ.

"Үшінші кеншінің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қайтыс болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады", – делінген хабарламада.