Сырдарияға шомылуға барған бір әулеттің 11 адамы суға батып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Сегізінің денесі табылды 

4 ағайынды отбасының мүшелері Сырдарияға шомылуға барып, суға түсуге арналмаған жерде шомылып батып кеткен.  Іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Әзірге 11 адамның сегізінің денесі табылды. Олардың төртеуі 16 жасқа дейінгі балалар болса, қалған төртеуі - ересектер. Іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі - жасөспірімдер, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 21:00-де жағадан 30 метр қашықтықта бір адамды таптық. 22:50 тағы бір адамның денесі жағадан 6 метр қашықтықтан табылды. Оқиға орын алған аумақтан 100 метр жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда», - делінген Түркістан облысы ТЖД-нің ақпаратында.

Іздестіру шараларына жалпы 144 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды.