Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-адамның денесі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Барлығы 11 адам суға кетті

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8 кәмелет жасқа толмағандар», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын еске салады.

Айта кетейік, Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі дарияға демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.