Ақтөбеде радикалды діни топ ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа айғақ заттар тәркіленді

ҰҚК баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияны жұмылдырумен радикалды діни топ бейтараптандырылды, деп хабарлайды Qaz65.kz 

Терроризмді насихаттау бойынша күдікпен Қазақстанның екі азаматы ұсталды.

“Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа айғақ заттар тәркіленді. Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.