Депутат медицина қызметкерлерін соққыға жыққандарды қатаң жазалауды талап етті

Qaz365.kz редакциясы

Ауруханада көз жұмған адамның жақындары дәрігерлерді соққыға жыққан

Qaz365.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Алматы облысында медицина қызметкерлерін соққыға жыққандарды қатаң жазалауды талап етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 

“Алматы облысында 27 жастағы реаниматолог пен 21 жастағы медицина қызметкерлерінің аяусыз соққыға жығылғаны туралы әлеуметтік желіге таралған бейнежазбаны көрдік. Күдіктілер ұсталып, тергеу басталғандығынан хабардармыз.

Әділ тергеуді талап етемін. Медицина қызметкерлерін соққыға жыққан кінәлілер қатаң жазалансын”, – дейді Жұлдыз Сүлейменова.

Айта кетейік, Алматы облысындағы Талғар ауруханасында көз жұмған адамның жақындары дәрігерлерді ұрып, мәйітті алып кеткен.