Мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Астана қаласының білім басқармасы баспалдақтан құлаған оқушының жағдайына түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Білім басқармасының хабарлауынша, Астана қаласының № 14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтерілгенде, баспалдақтан құлаған.
"Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Бұл жерге жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында. Жағдайы тұрақты. Комада болған жоқ", – деп мәлімдеді басқарма.
Шенеуніктер мектептің баспалдақтары қоршаулармен жабдықталғанын айтты. Қазіргі уақытта басқарма мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева хабарлады.