Баспалдақтан құлаған астаналық оқушыға қатысты жаңа дерек шықты

Qaz365.kz редакциясы

Мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Видео кадр

Астана қаласының білім басқармасы баспалдақтан құлаған оқушының жағдайына түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Білім басқармасының хабарлауынша, Астана қаласының № 14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтерілгенде, баспалдақтан құлаған.

"Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Бұл жерге жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында. Жағдайы тұрақты. Комада болған жоқ", – деп мәлімдеді басқарма.

Шенеуніктер мектептің баспалдақтары қоршаулармен жабдықталғанын айтты. Қазіргі уақытта басқарма мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева хабарлады.