Шатырдан құлаған бала көз жұмды: Алматы полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Qaz365.kz редакциясы

Алматы полиция департаменті оқиғаның 30 қыркүйекте болғанын хабарлады

Видео кадр

Алматыда төбеден құлап кеткен бала қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы полиция департаменті оқиғаның 30 қыркүйекте болғанын хабарлады. 

"2017 жылы туған ұл баланың қазасы бойынша Бостандық ауданы ішкі істер бөліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі  «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада.