Үзіліп кеткен жеделсаты бір адамды жаншып өлтірді

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға Ақтаудағы супермаркеттердің бірінде болған

Көрнекі сурет

Үзіліп кеткен жеделсаты бір адамды жаншып өлтірді. Ақтауда лифт құлап, бір адамды жаншып өлтірді. 34 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмған. Қайғылы жағдай бейнебақылау камерасына да түсіп қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Оқиға Ақтаудағы супермаркеттердің бірінде болған. Сауда нысанында әртүрлі зат сатылып, нан өнімдері де пісіріледі екен. Екі ер адам пісірілген нандарды лифт арқылы тасымалдап жүрген. Осы кезде жедел сатының сымы жұлынып кетіп, 34 жастағы ер адамды жаншып тастады. Ал екіншісі соққының әсерінен ұшып кеткен.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– 2023 жылы 24 қазан күні сағат 01:10-да үшінші шағынауданда орналасқан ғимараттардың бірінде 34 жастағы ер адамның үстіне жеделсаты құлады. Факті ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТТБТ-де тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.