Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Qaz365.kz редакциясы

Тағы 31 кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасуда

Freepic

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 16-ға жетті. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген. 31 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Тіршілік белгісі жоқ 16 кенші табылды», – делінген хабарламада.

Апат орнында PVASS құтқарушылары жұмысын жалғастыруда. Штаб жұмыс істеп тұр.