29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Тоқаев қаза тапқан кеншілердің жақындарымен кездесті

Ашық дереккөздерден

Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

Бұған дейін Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берген еді.

Еске сала кетейік, Костенко шахтасындағы жарылыстан 25 адам қаза тапты.