Түркістан облысында жоғалған 4 жасар баланың денесі табылды

Qaz365.kz редакциясы

1 желтоқсанда жоғалған еді

Polisia.kz

Түркістан облысында жоғалған 4 жасар Бақыт Айбардың денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі POLISia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүлдіршіннің денесі көрші үйдің жанындағы септиктен табылған.

“Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде 3 желтоқсан күні түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан (септик) табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, ал мәйіттен зорлық-зомбылық пен қандай да өлім белгілері табылмады. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Түркістан қаласының полициясына баланың жоғалғаны туралы хабарлама 1 желтоқсан күні кешкі уақытта келіп түскен. Жергілікті тұрғын ойнауға шыққан ұлының қайта оралмағанын жеткізген еді.