Қостанайдағы жарылыстан ер адам қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Екі адам құтқарылды

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті

Қостанайда жүк автомобильдерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимарат жарылып, адамдар үйінді астында қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 желтоқсан 12:36 шамасында Энергетиктер көшесі, 1 мекенжайында газ-ауа қоспасы жарылып, адамдар үйіндінің астында қалған.

"Алғашқы медициналық көмекке 12 адам жүгінді. Құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан екі адам құтқарылды, тағы бір адамның денесі табылды. Марқұмның кім екені анықталды. Іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр", – дейді ведомстводағылар.