БАҚ-та Алматы әуежайының түрік топ-менеджері ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады

Qaz365.kz редакциясы

Аталған ақпарат көзі ҰҚК-дан дереккөзге сүйеніп, Уфук Серттің ұсталғанын ол да растағанын хабарлайды

Фото: Алихан Сариев

Алматы халықаралық әуежайы әкімшілік басқармасы басшысының орынбасары – түрік топ-менеджері Уфук Сертті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) есірткімен күрес жөніндегі қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгін Алматы әуежайында есірткі ісі бойынша тінту жүргізілді. Әуежай басшылығы орналасқан штабта тергеу іс-шаралары өткізіліп, Уфук Сертке сұрақтар туындады. Ол ұсталды», – деп хабарлаған редакцияға дереккөз.

Аталған ақпарат көзі ҰҚК-дан дереккөзге сүйеніп, Уфук Серттің ұсталғанын ол да растағанын хабарлайды. Бір емес, бірнеше адам ұсталған болуы мүмкін екені жөнінде ақпарат таратады.

Ал Алматы әуежайы Уфук Серттің ұсталуы тұрғысында тергеумен серіктесе жұмыс жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берген.

«Қазір Алматы халықаралық әуежайы компанияға жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде уәкілетті органдармен серіктесе жұмыс жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін ақпарат беріледі. Сондай-ақ ішкі тергеу жүргізілуде», – деп жауап берген әуежайдан.

Десе де тағы бір БАҚ-қа Алматы әуежайы Уфук Серттің ұсталғанын растамай, оның "жалған ақпарат" екені жөнінде жауап берген.