"Долларлар жалған боп шықты". БҚО полицейлері дүкенге түскен ұрыны ұстады

Qaz365.kz редакциясы

Бейнебақылау камераларына түсіп қалған

Видеодан кадр

БҚО полицейлері кәдесыйға арналған "долларды" ұрлаған адамды ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz7

Ер адам тек дүкеннің бейнебақылау камераларына ғана емес, Бөрлі ауданының Жедел басқару орталығы камераларына да түсіп қалған. Камерадан ер адамның оқиға орнынан мініп кеткен көлігі де анық байқалды. Сол себепті жедел іздестіру тобының қызметкерлеріне қаскүнемді табу қиынға соққан жоқ. Ұрының Ақсай қаласының тұрғыны екені анықталды. Ұрланған "долларлар" оның пәтерінен табылды.

“Жауап алу кезінде ол таныстарының бірі дүкен иесінің долларды дүкенде сақтайтынын айтқанын жеткізді. Танысының айтқанына сенген ол, тез байып кетудің қамымен осындай әрекетке барған. Аталған факт бойынша БҚО ПД Бөрлі ауданы Пб іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды”, – делінген хабарламада.