10 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Алматыда ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Жалған құжаттармен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған

polisia.kz

Он жылдан астам уақыт халықаралық іздеуде жүрген тұрғын Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz 

«13 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында жалған құжаттармен мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы С.Ш.Ахметов ұсталды. Ол 2013 жылдан бастап аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған», – делінген ІІМ хабарламасында.

Ұсталған адам Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.