Алматы облысында үш жасар қыз пәтерде қамалып қалған

Qaz365.kz редакциясы

Кішкентай қыз кездейсоқ есікті iшiнен құлыптап алған

Видеодан скриншот

Алматы облысы Қаскелең қаласында республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары пәтерде қамалып қалған үш жасар қызды құтқарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше,  құтқарушыларға жабық пәтерде жалғыз қалып қойған 2020 жылы туған баланың анасы жүгінген. 

Анасы кіреберіске кілтсіз шыққан кезде кішкентай қыз кездейсоқ есікті iшiнен құлыптап алған.

«Жаңа есікті бұзбас үшін альпинистік жабдықтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кіру туралы шешім қабылданды. Бөбектi анасына тапсырдық, балаға медициналық көмек қажет болған жоқ», – деді құтқарушылар.