Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын

Ашық дереккөзден

Бүгін Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында «Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтіру бойынша күдікті Нұрболат Дәкебаев ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын.

Қазіргі уақытта Дәкебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағандыда ​​белгісіз ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан еді. Кейін оның кім екені анықталды.