Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның ұсталған сәті түсірілген видео тарады

Qaz365.kz редакциясы

Полиция тергеу барысы бақылауда екенін хабарлады

Ашық дереккөзден

Қарағандыда "жедел жәрдем" жүргізушісін ұрған ер адамның ұсталған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz

"Жедел жәрдем" жүргізушісін ұрғаны үшін ұсталған Нұрболат Дәкебаев Қарағандыдағы полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам Қарқаралы ауданының қыстақтарының бірінде, облыс орталығынан 200 шақырым жерде ұсталды.

Полиция тергеу барысы бақылауда екенін хабарлады.