Сирияға кетуді жоспарлаған: Шымкентте терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысуды жоспарлаған

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2024 жылғы 1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.

«Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.