Майқайыңдағы апаттан қаза тапқандардың отбасыларының несиесі кешіріле ме

Qaz365.kz редакциясы

Облыс әкімі Майқайыңдағы апаттан қаза болғандардың жақындарына қандай көмек көрсетілетінін айтты

Фото: Facebook / Асайын Байхан

Майқайыңдағы апаттан қаза болған құтқарушылардың отбасыларының несиесі кешіріледі. Сақтандыру өтемақысын төлеу де қарастырылады. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Facebook-тегi парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жұмыс беруші коммуналдық қарыздарды да өтемек.

«Сонымен қатар қаза болған жандардың отбасыларына кәмелетке толмаған балалардың болуы мен олардың жасына байланысты кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабынан 5-10 жыл үшін орташа айлық жалақы мөлшерінде сақтандыру өтемақысы беріледі», – деп жазды әкім.

Оның айтуынша, «Майқайың-алтын» АҚ бұған дейін бөлген қаражатын бірнеше есеге арттырады. Ал жұмыс беруші қаза тапқандардың отбасыларының несиелері мен коммуналдық қарыздарын өтеуді өз мойнына алады.