Жетісу облысында есепші 34 млн теңге жымқырған

Qaz365.kz редакциясы

Әкімдік қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырған

Фото: Depositphotos

Жетісу облысында аудандық білім бөлімінің есепшісі 34 млн теңге жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кербұлақ ауданының білім бөлімінің есепшісі 34 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Ол мұғалімдердің жалақы мен демалыс ақысын жоғарылатып, заңсыз жолмен ақша аударған және жұмыс істемейтін адамдарға да ақша бөлген», – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ Сарқан ауданының әкімдігі туристік орындардағы орнатылмаған санитарлық-гигиеналық тораптар үшін 29 млн теңгеден аса ақша төлеген.

Бұл фактілер бойынша Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Ірі көлемдегі жымқыру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Айыпталушылардың кінәсі сотта дәлелденсе, олар белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.