Семейдегі ірі сауда орталығында алапат өрт болды

Qaz365.kz редакциясы

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Видеодан скриншот

Семейде сауда орталығындағы өртті 400-ге жуық өрт сөндіруші сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түні өртке қарсы қызметке Засядко көшесі, 65 мекенжайында алапат өрт болғандығы туралы хабарлама түскен. Екі қабатты ғимараттың 1-қабатындағы әртүрлі тауарлары бар пластикалық бутиктер өртеніп, өрт 2 қабат пен шатырға тараған.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала ауданы – шамамен 4 мың шаршы метрден астам. Оның шығу себебі анықталып жатыр, – делінген ТЖД хабарламасында.

Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы жұмыс істеп жатыр. Күштер мен құралдар №3 шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс атқаруда. Оттың жоғары температурада және ауқымды болуы мен ғимараттың орналасуы, жанғыш материалдар өртті сөндіруге қиындық тудырды.

Қазір өртті жоюға жеке құрамнан 349 адам, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.