Түркістанда жалдамалы пәтерден екі баланың мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Мәйіттер сараптамаға жолданды

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлім себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

«Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын», - деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.